lat: ÚSHKİR
сын. 1. Ұшы сүйір, істіктей.
Темір пластинкалардың бетіне күміс шауып, оның үстіне үшкір біз және дөңгелек бедерлі кадаубаспен әр түрлі гүл-жапырақтың бейнесі жүргізілген (X.Арғынбаев, Қаз. ер-тұрман.).
Сүйектен істелген ине сынбайды, әрі үшкір болып келеді (Е.Байзақов, Еңбек.).
Сөйтіп шақ-шақай үшкір тұмсығымен зорманның қалқан құлағын шұқылай бастайды (Шопан сырласы).
2. ауыс. Өткір біздей (тіл).
Сен мына тілімдесің, үнімдесің,
Білесің ғой тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт,
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін! (М.Мақатаев, Шығ.).
Орайын тауып, үшкір тілін түйреп-түйреп алар еді, ананың мінезі тоң (Т.Тілеуханов, Өмір.).