ҮШКІР

lat: ÚSHKİR

ет. діни. 1. Ауырған адамға дем салып, су бүрку, дұға оқу.

Тұмар тақты, Қытықытады, ұшықтады, Бірі үшкірді, бірі түшкіріді, Бірі де ем болмады (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Осындай сұлу қыздан хабар болды,

Өз басы осыған күш салар болды.

Бұл сөзді жақсы қыздан естіген соң,

Дұғамен бір үшкіріп адам болды (Ә.Найманбаев, Шығ.).

Аппақ кебін бүркеніп,

Мылқау орман түс көред.

Жел ыза боп, өртеніп,

«Әпсүн» оқып үшкіред (М.Жұмабаев, Шығ.).

Абыздар мойнына жара шыққандарды Торпақ жұлдызына қаратып ұшықтап үшкіретін болған (М.Исқақов, Соқыр сенім.).

Келіпті бір диуана сырттан елге,

Лебізі дуа дейді үшкіргенге,

Кім білед шарапатты шайқы адам ғой,

Қайтер ед соны алдырып көрсеткенде (И.Байзақов, Құралай.).

2. ауыс. мысқыл. Басқа біреудің күші басым түсу.

Орныңнан тұра шабасың,

Атшабар келсе қышқырып.

Ояз келсе, қайтер ең, айдаһардай ысқырып.

Отырасың үйіңде, өз өзіңнен күш кіріп.

Босқа-ақ түсіп қаларсың, біреу кетсе үшкіріп! (Абай, Тол. жин.).