ҮШКІРТ

lat: ÚSHKİRT

ет. Дем салдыру, дұға оқыттыру, су бүркіту.

Көрінген сәлдеге үшкіртті (М.Жұмабаев, Шығ.).

Бүгінге дейін біздің қазақ аруын ел ішіндегі бақсы-балгерлерге емдетіп, қожа-молдаларға үшкіртіп, қақтырып, соқтырып келді (М.Дулатов, Шығ.).

Қалампыр өзі емес, Бұрын дейтін дуашыға үшкірткен (X.Есенжанов, Көп жыл.). \

Оны бақсы-балгерлерге қаратты: оқытты, үшкіртті (Б.Кенжебаев, Асау.).