ҮШТІК

lat: ÚSHTİK

1 зат. Студенттердің, оқушылардың біліміне қойылатын орташа баға, балл.

Мұғалімдер тілінде үш орта сан. Үштік орта деген сөз («Қаз. әдеб.»).

Аршагүл баласының әдебиеттен үштік баға алғанын, кейінгі кезде нашарлау оқығанын айтты (С.Бақбергенов, Белгісіз.).

Саян өткен уақытта бір ретте қоғам тану пәнінен үштік баға алып қалғаны есіне түсті (С.Шаймерденов, Өмір.).