ҮСТІ

lat: ÚSTİ

2 көмекші сөз. 1. Бір заттың астына қарама-қарсы жағы, үстіңгі беті, жоғарғы жағы.

Бұлардың алдында, кішкенше төмпешік үстінде, құбыла жақтағы серек тасы шошайған жас бейіт қана тұр (М.Әуезов, Абай жолы.).

Кей ер бар, жанға жайлы, үсті жалпақ,

Жатып алар жалпайып, атқа салсақ.

Желдік салмай мінуге жарамайды,

Тегіс тиер оқпаны сонша талтақ. (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Мысалы астындағы ат о дағы ұшты,

Ескендір де атының жалын құшты.

Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге

Патшаның ат үстінде көзі түсті (Абай, Тол. жин.).

2. Адамның үсті-басы, тұла-бойы; дене.

Үстіне неше түрлі асыл киіп,

Паңсының сыртқы есікте тұр кемпірі (А.Байтұрсынов, Шығ.).

Сабын алып онан да,

Үстімізді кір қылмай, тазалайық денені

Сыртымызды сыр қылмай (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Үстіне інісінің денесінің

Түсірді тағы ұшырып қызды Баян.

Екі жас аттарынан ұшып түсті,

Түскенде бірін бірі құшып түсті (М.Жұмабаев, Шығ.).

Ханның киген кіреуке,

Үстіме кисем деп едім.

Қаныкейдей көріктіңді,

Қалыңсыз құшсам деп едім (ХVІІІ-ХІХ.ғ. қаз. ақын.).

Омарғалиды қолтығынан демеп тұрғызып, үстін қақты (Ж.Түменбаев.).

3. Уақиғаның дәл мезгілі, болып жатқан уақыты.

Сәуле жалғыз. Қатты күйзеліс үстінде тұр (Т.Ахтанов, Дала.).

Әлдекімге қаптап зіркілдеп сөйлеп отырған әке кейде бұған бір жортуыл, шабуыл үстіндегі шұбырындых, ұзақ сарын сияқтанады (М.Әуезов, Абай жолы.).

Сол қайғы үстінде күндегі бір-біріне мұң айту, күрсіне отырып зарларын шағу, екеуін әбден келін мен ата халінен кетіріп, ортақ қайғыдығы ене мен келіндей, немесе әке мен баладай жақындатқан (М.Әуезов, Абай жолы.).