ҮСТЕЛ

lat: ÚSTEL

1 зат. Ағаштан т. б. заттан жасалып, тамақ ішуге, жазу жазуға арналған төрт аяқты, үсті тегіс үй жиһазы; стол.

Абаш байдың үйіндегі бір бөлме. Екі жақта екі есік, терезенің екі арасында үлкен айна. Айнаның алдында үлкен үстел (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Қазірде Майбасар, Абайлар дыбыссыз ғана қозғалып, үстел үстіне асжаулық жайып, үлкендердің алдына жылтыр сары тостағандарды толтырып қымыз қойған (М.Әуезов, Абай жолы.).

Құнекең Барақпенен жасы құрбы,

Қатты тату, қалжыңдап ойнап жүрді.

Насыбайын атамын деп төре Барақ

Шақшасын тақылдатып үстелге ұрды (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Үстелге отырғанда шынтағыңа дейін үстелдің үстіне салып отыр. Астыңдағы орындығың аласа болса үстіне көпшік я бөтен нәрсе салып керегінше биіктет (М.Дулатов, Шығ.).