lat: ÚSTEL
2 ет. Қосылу, үстеме жасау.
Азаматқа үстелетін қосымша: киімді сыпайы киеді, таза жүреді, «Одеколон» жағынатын мінезі жоқ емес (Б. Майлин, Азамат.).
Қазынаңнан беріссең,
Ортаяды алтының,
Ақылыңнан бөліссең
Үстеледі ақылың (Мақал.).
Шораш үйдің ішіндегі асқан қазанға ет үстеледі, самауыр қойылды (М.Дәулетбаев. Қызыл жар.).