ҮСТЕМДІК

lat: ÚSTEMDİK

зат. Басымдық, күштілік, қожалық.

Облыс прокуроры Серікқан Жақыпов таяуда ақпарат құралдары тілшілерімен болған бір кездесуде шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің жұмысына ауыл әкімдерінің араласып, үстемдік жасағылары келетіндері туралы бірнеше фактіні айтқан еді (“Егемен Қазақстан”).

Мәшке күйеуінің үстемдігіне берік сенді (Д.Исабеков, Қарған.).

Қайраты қайтпаған, қызыл шырайлы, бүйрек бет сары шал өз үстемдігіне ризалықпен сәл күлімсіреген сияқты, сәл кекесін аңғартып, тымырайып тысқа шығып кетті (Б.Нұржекеев, Бір өкініш, бір үміт.).