lat: ÚTİK
[ор. утюг] зат. Қыздырып алып, киімнің қыртыс-тыртысын жазуға арналған электрлі тұрмыстық техника.
Мысалы қолымыз ыстық үтікке тиіп кетсе, біз қолымызды дереу тартып аламыз (О.Сейкетова, Тері. ауру.).
Егер үтіктің табаны қожырланып кетсе, оны мүсәтір спиртіне малынған мақтамен немесе тұзбен сүртіп, содан соң дымқыл шүберекті үтіктеп тазарту керек (Шаңырақ).
Келе жаңа костюмді үтікке басып, үсті-басымды реттеуге кірістім (3.Қыстаубаев, Ақ түн).