ҮЗУ

lat: ÚZÝ

Үз етістігінің қимыл атауы; бүтін, тұтас заттың, нәрсенің бір бөлегін қолмен жұлып алу, бөлу, бөлектеу. Сырбай жыланның құйрығын ү з у д і қоя беруді білмей тұрғанда, көз алдынан бірдеме сып етіп өткендей болды (С.Мұқанов, Сырдария). Сыпайылық, сыршылдық Бар еді ұяң жүзінде, Барсам-дағы құлшынып, Қимаушы едім ү з у г е (С.Мәуленов, Алыс кет.). Сенделіп өрттей сезіммен Лапылдап кетіп барамын. Ү з у г е моншақ көзімнен Жақындап кетіп барамын (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).