ҮЗДІК

lat: ÚZDİK

1 е т. 1. Үзік-үзік болу; әлсіреу, нашарлау. Қасым даусы ү з д і г і п шықты, сондай мұңлы (X.Әдібаев, Таңбалы.). Ақырғы рет кеш алдында күні бойы жылаумен ү з д і г і п әлі біткен Қасым жетімектің барлық сорлылығына бойсұнған пішінмен Исаның үйін жағалап келе жатыр еді. (М.Әуезов, Қараш-қараш.). 2. а у ы с. Жүрегі қарайып қарны ашу. Ү з д і г і п қалған атқа көк жоңышқадан көп беруге болмайтынын ол жақсы біледі (С.Ғаббасов, Ана.). Құмсуға жете алмай, ү з д і г і п, мойнын соза жығылған түйелердей («Қаз. әдеб.»). Үзім нанға әзер жетіп ү з д і г і п, қалтыраған көз алдында қыз қолы. Жеңіп шықты асыл арман, ізгі үміт, Жеңіп шықты өмір жолы, мұз жолы (С.Мәуленов, Найзағай жарығы). 3. а у ы с. Ықыласы түсіп берілу, елжіреу, мейірлену. Ү з д і г і п барасыңдар ғой тіпті, білдік; барма, жолдан келді, үстіасы шаң-тозаң («Қазақст. әйелдері»). Бір-бірінен көз айырмай ү з д і г і п Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт (М.Шаханов, Ғасыр.). Назды, ерке, махаббатшыл үн шуақты, Ү з д і к п е й, құмарланбай кім шыдапты. Ей, қалқа, гүлдей нәзік дидарыңа Сағыныш салған белгі бір сияқты (К.Салықов, Жезкиік.). 4. Қатты құмарту. Қияқ мұртты жігіт темекі тартады екен. Оны да жеңінің ішіне тығып ү з д і г е сорады да, түтінін үңгірдің түбіне қарай үрлеп қояды (Қ.Жұмаділов, Атамекен.). Өткен соғыстың сұрапылы жайындағы кітаптарды мен іздеп жүріп, ү з д і г е оқимын (М.Әлімбаев, Көңіл күнделігінен). Қиыр Шығыс арасындағы кеме қатынасына жау қанша ү з д і к с е де үзе алмады (“Егемен Қазақстан”).