ҮЗДІК

lat: ÚZDİK

2 с ы н. Елден асқан озат, озық, алдыңғы қатарлы; ерекше, айрықша, артық. I.Жансүгіров ү з д і к шеберлік танытқан ақынның бірі («Қаз. әдеб.»). Адаспай жол табатын Аспандағы жұлдызым. Қалың елден ол ү з д і к Құстағы алғыр тұйғыным (О.Шипин, Дастан.). Біреу болыс, біреу-би, олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де ү з д і к кісіміз, біреуге кеңес беріп, ақыл айтамыз деп сайланды (Абай, Тол. жин.). Ш.Айтматов ү з д і к сөз шебері болуымен бірге бұрынғы кеңестер билігі тұсында елдің қоғамдық істеріне белсене араласқан қайраткер («Қаз. әдеб.»). Ү з д і к тұрған Сібірдің сен ұлысың Ғұмырыңша басқарған көп жұмысын. Ұранды елмен теңестірдің іргесін, Қайтіп сенің ұмыт болар бұл ісің (М.Дулатов, Шығ.).