Үрген местей

lat: Úrgen mesteı [tulyptaı].

Тырсиған, жуан, семіз.

Омыраудан аққан тер,

Бақайына тамшылап,

Мысалы үрген местей боп,

Ұсталар соққан пештей боп,

Денесі кетті тырсылдап (Алпамыс.).

Бай ағайынның өзінен туған балалары үрген тұлыптай болып, сырлы ақ үйлерде, қызыл кілем, барқыт көрпелердің үстінде сапырулы сары қымызды күні бойы ішіп, ерігіп қана жатады (С.Сейфуллин, Шығ. жин.).