Үстемдік етті

lat: Ústemdik etti [qurdy].

Билеп-төстеді, күштілік көрсетті.

Революцияға дейін ауылдық жерлерде байлар мен жартылай феодалдар үстемдік етті (Д.Айдаров, Дәуір.).

Жәнібек бастаған қазақ хандығы XV ғасырдың 60-жылдары Әбілқайыр бірлестігінен бөлініп, Шу бойында жеке үстемдік құрды (Қа-зақст. мект.»).

Бала (Абдолла) күнінен әке-шеше тәрбиесінен бойға сіңген жұрттан биік тұру, жұртқа үстемдік құру келе-келе айықпас дертке айналған (Ә.Тарази, Тас жарған.).

Иә, кешеден бері осы қыз ойына үстемдік құрып, өзіне бағындырып алды (З.Шашкин, Доктор.).