Үстінен шықты

lat: Ústinen shyqty.

Бір оқиғаның болып жатқан мезгілінде кезікті.

Келесі күні таңертең, Сәуле ас алып келгенде, күтпеген жағдайдың үстінен шықты (З.Шүкіров, Ізгілік.).

Анада Дәулетжанды адайға аттанарында оңаша күй тартып отырған жерінде үстінен шығып қалып еді (Ә.Кекілбаев, Дала балладалары.).

Сен үстінен шықпасаң ғой, ол бір машина астықты төгіп кетпекші (С.Жүнісов, Жапанда.).