lat: Ústinen tústi.
а) Уақиғаның нақ болып жатқан мезгіліне тап болды.
Апасы айтқан «Таңбалы тас» әңгімесінің үстінен түскеніне Сәтжан аса қуанды (С.Бегалин, Уақыт.).
Қазақта «еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін дейтін нақыл бар. «Қалпе» совхозында біз осы нақылдың шындығының дәл үстінен түстік («Қаз. әдеб.»).
Ел жылқысын қашырып кетпестен бұрын үстінен түсіп, ат ұстау керек (І.Жансүгіров, Шығ.).
ә) Біреудің ойындағысын тапты, ойынан шықты.
Я, сіз үстінен түстіңіз, ол кешігіп жатыр (М.Иманжанов, Менің махабб.).
Серік ағайларың сол ойларыңның үстінен түсті («Лен. жас»).