lat: ÝAQYTYNDA
үст. Кезінде, мезгілінде.
Тозаң басып тұр бүгінде бокалдар,
Бөтелке жоқ бокалдарға қоқаңдар.
Әрбір үйдің уақытында шамы өшіп,
Уақытында алынады сақалдар (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).
Керекті уақытында ойламай, керекті уақытында қылмай, керекті уақытында айтпай, дәйім уақытынан кеш қалып, «Әй, әттеген-ай! Үйтуім керек екен, бүйтуім керек екен» деп, өмір бойы ғафыл болып-ақ отырғаның (Абай, Тол.жин.).