УДАР-ДУДАР

lat: ÝDAR-DÝDAR

сын. Шашы дударланған, ұйпа-тұйпа.

Үсті-басы, қауырсыны жұлынған төбелескек әтештей удар-дудар боп анадайда сестиіп тұрған Әйтікен бұларға оқты көзімен қарайды (Ж.Мусин, Ақ алаң).

Күлпаштың көйлегі жыртылған, бір аяғында етігі жоқ, шашы удар-дудар (Ж.Ташенов, Жауынгер.).

Бекет Қоңыратты жаңа есіне алды, су тиген шашы удар-дудар (Р.Тоқтаров, Ертіс.).