УЛЫЛЫҚ

lat: ÝLYLYQ

зат. 1. Уы мол болушылық.

Одан әрі бромның улылығы, кездесетін жерлері жөнінде айтылды («Қазақст. мект.»).

2. ауыс. Өткірлік, ащылық.

Өлеңнің рухы, өткірлігі мен улылығы, нажағайдай жарқылдаған әрі көркем, әрі үрейлі, аумаған Лермонтов (Ә.Тәжібаев, Өмір.).