lat: ÝRAN
зат. хим. Радиоактивті қасиеттері бар ақ түсті қымбат металл.
Радиоактивті деп аталатын элементтер, оның ішінде уран, өз бетімен ыдырай отырып, басқа элементке айналып отырады (X.Әбішұлы, Халық астрон.).
Уранның өздігінен сәуле шығара алатын қасиеті сол заманғы физиктерді қатты таңдандырды (Б.Айдарханов, Атом қуаты.).
Ядролық ракеталық двигатель дегеніміз металды цилиндрдің ішінеуран отыны салынған 900 жіңішке түтік орнатылған қондырғы. Тізбекті реакция кезінде 3000 градусқа дейін қызғанда, газ ғаламат жылдамдықпен суырылып шығып, соның екпінімен реактивті қуат қозғалыс пайда болады. («Егемен Қазақстан»).