lat: ÝRNA
зат. 1. Әртүрлі қиқымдарды, қоқыстарды салу үшін көшелерге, қоғамдық орындарға қойылатын ағаштан не металдан жасалған шелекше ыдыс.
Қыз басын изеп, өлең жазған қағазын жыртып, урнаға тастай салды (Қ.Исабаев, Сұңқар.).
Жауыннан соң кеппей жердің ылғалы,
Сілтегені сыпырғысын бір қызық.
Талай жерді тазартыпты тұрғалы,
Құлап қалған урналарды тұрғызып (Ә.Тәжібаев, Жартас).
2. Сайлау бюллетеньдерін салуға арналған үстінде жіңішке тілігі бар жәшік.
Сайлау күні ел болып өзінің бақытты тұрмысы үшін, жарқын болашағы үшін бюллетеньдерді урнаға салады (С.Мәуленов, Жұлдыз.).
Көз алдымда көрікті көңілді өмір,
Бүгіннен жатыр тарап ертеңге нұр.
Урнаға салдым мен де бюллетеньді,
Бойымды шаттық сезім билеп небір (М.Әлімбаев, Құрбыма).
Ол үшін сайлаушылардың әрқайсысы кезекпен оңаша бөлмеге кіріп, кандидаттардың аты жазылған кардон қағазды урнаға тастауы керек. (Қ.Жұмаділов, Тағдыр).