УЫТТЫЛЫҚ

lat: ÝYTTYLYQ

зат. 1. Уы күшті болушылық.

Арық малдың етіндегі туберкулез қоздырғышының денесінде күшті уыт пайда болады, ал 30 минут қайнатқанда уыттылығын жоймайды (Т.Телеуғалиев, Ет. эксперт.).

Жерге көмілген тауықтың өлімтіктерінде микробтың уыттылығы 3 айдан 12 айға дейін сақталады (Т.Телеуғалиев, Мал. қора.).

2. ауыс. Өжеттік, қайраттылық, сұсты болушылық.

Мақалдың өнеге үйреткіштігі, қиып түсер, қылыштай уыттылығы мен тапқырлығы үшін халық қадірлейді (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).

Жас бүркіттің қырағылығы мен уыттылығы ерекше (Ә.Көшімов, Екі бүркіт).