lat: ÝezİK
сын. Уезге қатысты.
Былтыр уездік оқу бөлімімен жағаласып жүріп осы ауылға мектеп ашқан болдым, – деді Жұман (Б.Майлин, Шығ.).
Уездік қосшы бөлімінің бастығы бұрынғы қырық жыл управитель болған Омаровтың есігінде күні өткен жалшының баласы (X.Есенжанов, Көп жыл.).
Үй-іші жатқансын Сұлтанмахмұт уездік ревком председателі, өзінің аяулы досы Жигаревке бес болыста өткізген ревком сайлау жөнінде хат жазды (Д.Әбілев, Баянауыл.).