ІЛІК

lat: İLİK

зат. 1. Жекжаттық байланыс, көңіл жақындық.

Адам дауға келгенде,

Жел жетпейтін күлік боп,

Қонақасы бермесе,

Ат-шапанға ілік боп

Параны көздеп би кетті (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Сылқым, кербез биіктерді сағындым, көкте

Бауырында өткен Сырымбетті сағындым.

Көкке өрлеген көсіліп.

Балдыз, бажа, іліктерді сағындым,

Аңсау, сусау қосылып (К.Салықов, Жезкиік.).

Итбайды білмейтіні аз екен, оның үстіне құданың құдасы, жиеннен туған жиеншар деген сықылды іліктері көп болар ма (С.Мұқанов, Ботакөз.).

Құда, тамыр, ілігі,

Біте қайнап бірге өскен,

Дос жарына сенімді,

Қашып кірген қояндай

Тазыдан қорқып қамысқа,

Әр елге барып тығылды (О.Шипин, Дастан.).

3. жерг. Білім.

Бүгінде сендер ел көріп, өнер көріп ілік алдыңдар (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).

4. Біреумен ілінісу ісі; шатақ, бүлік, әлек. Алғашқы сайлаудың жай-жапсары жұрттың бәріне белгілі болса да, сынайын деген адамға ілік табылады емес пе, әйтеуір осы жағдай бетіме басыла беретін ( «Егемен Қазақстан»).

Сорлы Аймағамбет қарызданып-қауғаланып жүріп қой сояды, соның басын мүжіп отырып ілік шығарады (С.Талжанов, Ұлдай.).

Сенен мал өнбейтінін олар білмейді ғой дейсің бе, ілік жасағылары келетін шығар, деді (С.Омаров, Дала.).