ІЛІК

lat: İLİK

ет. 1. Белгілі бір жерге межеге жету, келу.

Асқан соң отыз жастан жігіт дейді,

Ол кезде жоқшылықты білдіртпейді.

Қырық пен елу жастың арасында.

Бөленіп ешнәрсеге ілікпейді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Қараңғы түн.

Екі көз оттай жанды.

Қырға іліктік,

Сөнді де, тоқтай қалды.

Қан қысымы кетті ме көтеріліп,

Машинаның жүрегі соқпай қалды (М.Мақатаев, Шығ.).

2. Іліну, оралу.

«Мынау қандай сүйкімді бала еді дегенде «бұл бала емес, қыз» деп аузынан сөзі шығып барып, тілінің ұшына ілігіп қалды (Ө.Тұрманжанов, Адам.).

Білімнің қиқымы бейне бір сауда жүзген жеміс: бес бармақты батырып, шеңгелдемесең, уысыңа түк ілінбейді, іліксе де, аз келеді (Ж.Аймауытов, Шығ. жин.).

3. Ұласу, жалғасу.

Ән болып біткен Құлагер әлгі күліктей

Бәйгеден келсе, кернейшілер де ілікпей,

Алшандар еді ала аяқтары бірікпей,

Қылықты қыздың қасынан келген жігіттей... (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).

Асқардың күн ілігіп сәлдесіне,

Қарайды дүниеге сәл кешіге,

Айдында Жер мен Көктің арасында,

Ақ таңның шомылғамын сәулесіне (М.Мақатаев, Шығ.).

4. Ілесу, жабысу.

Сен нетесің сондай бір сәттеріңде?

Мұңның шаңы іліксепәк көңілге?

Қараймын да отырам ондайда мен,

Қалам ізі түспеген дәптеріме (М.Мақатаев, Шығ.).

5. Біреудің қармағына түсу, кіріптар болу.

Заманың қатар, бағың зор,

Қолдарыңда кендір тор,

Ілікпей кетсе торыңа,

Болыс, биің жиналып,

Залымдарға қаздың ор (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).

Ғашық кезде іңкәр сөзін жалғап та,

Елестеттім Қорлығайын жаннатта.

Махаббатшыл мақамдарын ұғынсам,

Ол да түсті-ау біз іліккен қармаққа (К.Салықов, Жезкиік.).

6. Бір нәрсені қолмен ұстау, олжаны бөлу.

Егер осы күншілдік, көре алмастық,

Қолға ілігер зат болса жанталасып,

Тауып алып, быт-шытын шығарар ем,

Аяқ асты қылар ем таптап, басып.

Адамдыққа жасаған обалы үшін,

Бірге жүріп, су ішіп, от оттасып.

Бірге күліп сауықта, сайрандасып,

Бірге барып жұмыса қолтықтасып (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

Лақтырып қал тағы бір,

Соңғы балық ілігер,

Көнсадақтың жағы бір

Тартылар да дірілдер.

"Ала өгіздей мөңіреп",

Атар соңғы жебесін,

Сен де, мерген, еңірет,

Оқ таусылды демесін... (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

7. Бір заттың бір нәрсеге ілінуі.

Естіртпей сөйлеп сөзінді асқарға,

Шалқытып бұла сөзімді аспанға.

Шашыңа іліккен бір тал шөпті алып,

Танадай жәудір көзіңді ашқанда (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).