lat: İLİM
Илм (араб. илм, көпше улум) — білім. Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар әрқашан және әр түрлі себептерге байланысты құдайлық және адамдық білім туралы айтқан; Құранда Iлім сөзі, онымен түбірлес зат есімдер мен етістіктер шамамен 750 рет кездеседі. Мәңгілік бәрінің алдын алатын және бәрін тегіс қамтитын құдайлық білім Алланың құдіреттілігінің бір белгісі, ал адамдық білім екі түрлі: кәдімгі, дүниелік білім және діни, сенімге парапар білім. Исламға дейінгі және исламнан тыс нәрселердің бәрі исламға қарама-қарсы қойылды: сенім — сенімсіздікке және білім — білімсіздікке қарсы алынады. Ілімге әуелден-ақ басым көңіл бөлудің нәтижесі мұсылман доктринасында (дүние-таным жүйесінде) — діни, хұқықтық, философиялық және әлеуметтік-этикалық ұғымдар жүйелерінде білім тұжырымдамасына ерекше маңызды орын беруге алып келді. Білімге ұмтылу дінге сенушілік, әрбір мұсылманның борышы әрі міндеті деп жарияланды. Өз бетінше өмірлік мұратын айқындағысы келген адам Ілімге қатысты өз көзқарасын білдірді. Iлім термині, оның мазмұны мен кәлемі туралы көптеген анықтамалар ұсынылды; ислам тарихының барлык, кезеңдерінде бұл анықтамалар үздіксіз талқыланып, сан алуан еңбектерде қайта дәлелденді, Ілімге анықтама беруге тырысқан кез келген әрекет сынға да алынды. Iлім туралы толғамдардың сүйенер негізі Құраннан, хадистерден және әр түрлі нұсқалық аударма еңбектерден алынған дәйек пікірлер болды.
Көптеген ұсақ-түйек жайттар мен өзгешеліктерге назар аудармай-ақ қойсақ. Ілімнің мазмұны мына мәселелерді қамтығанын байқаймыз: 1) ислам дәстүрлерін меңгеру; 2) мистикалық нұр құйылу, нұрдың мәніне жету, нұрлану; 3) логикалық ақыл-ой кемегімен түйсіну; 4) энциклопедиялық білімділік меңгерілуге тиісті ислам дәстүрлеріне Құран, сунна, дәстүрлі хұқық, қағидалар, қасиетті тарих жатады; оларды жүйелеумен, түсіндірумен және негіздеумен дін ғылымдары айналысты, бұл ғылымдардың әрқайсысы Iлім болып аталды; исмаилшылар, сопылар мен философтар білімді екі түрге ажыратты — көрініп келген, сыртқы білім жане асыл, құпия білім. Ілімнің барлық анықтамаларында араб тілін оқып, үйрену қажеттілігі және білім мен әрекет арасындағы өзара тығыз байланыс атап өтілді. Iлім терминінің араб тіліндегі "білу” мағынасын білдіретін басқа сөздерден құралған синонимдері бар; олардың ішінде ең жиі қолданылатын — мағрифа сөз, бұл сөзбен сопылар Құдай туралы білім "гносисті" бейнеледі. Көптеген орта ғасырлық кітаптардың авторлары өз еңбектерінің кіріспе бөлімдерінде Iлімді мадақтауға бірнеше жол немесе бет арнады, ілімге жеке тараулардың, тұтас шығармалардың арналуы да жиі кездеседі. 19 ғасырдағы ислам реформашылары Iлім мәселелеріне қатысты қайтадан өткір пікірталас туғызды. Қазіргі заманғы мұсылман ойшылдары мен публицистері ғылым мен білімнің дамуына байланысты сол пікірталасты әлі күнге дейін жалғастыруда. Iлім ұғымын ғылыми білім түрінде, ең болмағанда, шынайы ғылымға қарсы келмейтін және кедергі жасамайтын білім түрінде кеңірек тусіндіруге тырысу — басымдыққа ие болып отырған бағыт.