ІЛЕСУ

lat: İLESÝ

Ілес етістігінің қимыл атауы. 1. Соңынан еру.

Қыстың қытымыр жақтарында көлікке мініп, мал соңына ілесуден де қалып барады (Бал дәурен.).

2. Біреулерге қосылу, топ болу.

Оған кетуге бірден-бір жол жылда пайда іздеп қала-қалаға кетіп жатқан ел жігіттеріне ілесу еді (I.Жансүгіров, Шығ.).

3. Заман үрдісінен қалмау.

Бұл саладағы негізгі міндеттер қатарына Н.Назарбаев мыналарды атады: басты назарды стационарлық емдеуден амбулаториялық емдеуге аудару, яғни жатын орындарға иек арта беруден бас тарту; 2005-2007 жылдар аралығында бастапқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсалатын қаржы көлемін ұлғайту; қазіргі заман үрдісіне ілесу («Егемен Қазақстан»).