ІЛГЕК

lat: İLGEK

1. зат. 1. Есік, терезе сияқты ашылатын нәрселерді бекітіп қоятын темірден жасалған тиек.

Бөлменің есігі бергі жақтан жабылады екен, іштен ілетін ілгегі жоқ (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай).

Ашпалы сыртқы терезенің біреуінің ілгегін күндіз әдейі ілмей кетіп еді (С.Мұқанов, Ботакөз.).

Бәтес үйіне бір бөтен адам келгенін, ішкі есігінің ілгегі жоқ екенін, сондықтан түнде қорқатынын айтты (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш.).

Басқа есікке жасадыңыз ілгекті.

Жұрт ішінен достыққа іңкәр, парықты

Біреу туса күндей жарқын санасы,

Бүкіл халық даңқты.. (М.Шаханов, Ғасыр.).

2. Бір нәрсенің шетін, киім өңірлерін жалғастыратын, байланыстыратын тетік (түйме, ілгек, түйреуіш және т.б.).

Қос бұрымды төбесіне түйді де, тік жаға көйлегінің жоғарғы бірер ілгегін ағытып, мойнын, тамағын жуа бастады (Ө.Қанахин, Жас.).

Костюмнің ілгегін қадап берші (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).

Шапанымда  ілгек жоқ (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).

3. Күрмеп байланған жіп; киімнің түймелеуге, ілгек, қыстырғыш бекітуге арналған ойығы (Қаз. тілі термин. Тамақ.).

4. жерг. Көйлек қақпағының астында темірден соқтырып жасаған салпыншақ.

Екі өңіріндегі мүйіз, қоңыр ілгектерді бес-бестен қадап... жұлдызды зер пагон таққан қара көк шинелі... сұлулай түскен екен (Ә.Нұрпейісов, Күт. күн.).

Алтын-күміс біреудің ілгегі де,

Асып-тасар жолығып пұл кеңіне...

Қуанамын қашанда жақсылыққа,

Қуанамын қуана білгеніме! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).

Көк пүліш қамзолдың төсі неше түрлі асыл ілгек, алқым баулармен безелген (Б.Майлин, Шығ. жин.).

Зергер жүзік, сырға, ілгек, аттың әбзелдеріне әлеміштер әзірледі (М.Елеусізов, Шоқан Уәлиханов).