ІМКӘН

lat: İMKÁN

зат. ескі кіт. 1. Мүмкіндік.

Ғалымның қанша айтқанмен қасиеті,

Патшаға айтқызбады бөтен бұлтаң.

Мейірбан перзентімнің мейірі үшін.

Келтіргіл бір қап гауһар, болса імкән (О.Шораяқов, Шайыр.).

2. Қадір, қасиет, құдірет.

Бір қатар берген жауап молда Ерімбет,

Азырақ імкәні оның бар сөзінде («Жалын»).