ІНІШЕК

lat: İNİSHEK

зат. 1. Іні сөзінің кішірейте еркелетіп айтылған қаратпа атауышы.

Інішегім, жолымнан қалдырмай жіберсең дұрыс болар еді! деді. Солдат: Сөзді қой. Жүре бер! деді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Қалада жүрген інішек,

Қайыс буған беліне.

Көз қырынды сала көр,

Қазақтың қыршын төліне (М.Жұмабаев, Шығ.).

Өтінішім, інішек,

Бара қалсаң несіп боп,

Елге де барып қайтқайсың,

Басқан анау жол жайын,

Басылған анау ел жайын,

Әдейі көріп қайтқайсың (М.Жұмабаев, Шығ.).

Міне аталы сөз, зерделі екенсің, інішегім, Көп жаса! деді (А.Сатаев, Дала.).

2. Іні сөзінің кішірейте айтылған түрі.

Мына інішектерің күндіз үйде адам жоқта қасымда болады (I.Есенберлин, Ғашықтар.).