lat: İRİ
сын. 1. Тұлға-тұрпаты үлкен, зор.
Семіз қойдың қозысы ірі туылады (С.Мұқанов, Шығ.).
Кеткені болса кетті ғой,
Өткені болса өтті ғой,
Сабырлық қылып қараңыз.
Бақайшағын шағармыз,
Біз де ел-жұрт емес пе ек,
Азықтанып, топтанып,
Болат найза сапталып,
Қылыш пен найза топ-толық
Жігіттің жинап ірісін,
Аттың жиып көлігін,
Барамыз біз де аттанып (Бақтыбай ақын, Жел қобыз).
Әкетай, мынау не үй ұзын мойын,
Тым ірі, ұлық ұстап тұрған бойын?
Басына шыққан адам білер еді-ау,
Сырын айтпас қаракөк көктің ойын (М.Жұмабаев, Шығ).
Дуадақты сен өзің тіпті көрген де жоқ шығарсың, дуадақ – Қазақстан даласын мекендейтін ең ірі құстардың бірі (Т.Алшынбаев, Жалбыз.).
Қарала ағаш Қазанда
Бұғы, марал, елікпен
Тауешкілер сияқты
Қаптап жүрген ну аң бар,
Аю деген ірі аң бар (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).
2. Майда емес, көлем жағынан аумақты, қомақты.
Дүкендердің маңдайындағы ірі жазуларды Мишканың дауыстап тұтыға-тұтыға оқығанын тыңдай, төбесі көкке жеткендей болатын (М.Жұмабаев, Шығ).
Апасы бір жапырақ қағазды ұстата берді. Қағазға ірі қаріптермен мына сөздер жазылған еді: «Қарашығым, Мишкатайым. Міне, саған өзіңе жеке хат жаздым (М.Жұмабаев, Шығ.).
3. ауыс. Күрделі, айтарлықтай.
Биылғы жылы жүн тапсыру мен төл алудан ірі табысқа жетіп, ондаған қозы, қосымша ақы алды (Ғ.Сыланов, Замана.).
Жоғарыда айтқанымдай, сыры көп,
Айтар ойы сүйектілеу, ірірек,
Түп нұсқасы басқа тілдік өлеңім
Бес қазақша өлеңімнің бірі боп (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).
Одан да ірі хайуандыққа жете алады төзімі,
Бәрін өзім үйреткенмін о баста.
Қаталдық пен аяушылық сезімі,
Жауынгердің жүрегінде түспеу керек таласқа (М.Шаханов, Ғасыр.).
4. ауыс. Мықты, күшті.
Жат елде жадап жүргенше,
Жалтаң көз боп, тірі боп,
Кім ермейді соңымнан,
Көрнекке шықсам ірі боп (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
Ескен желдей екпінді үні,
Сөзі таудың ірі өзіндей.
Өлеңінің өткірлігі
Махамбеттің мінезіндей (С.Мәуленов, Алыс кет.).
5. ауыс. Атақты, белгілі.
Ауылымда бүгін қазақтың ұлы бір ірі,
Құлақта бүгін ғажайып сырдың сыбыры.
Көзімде менің керуен де керуен сан сурет,
Кеудемде менің «Біржан-Сараның» дүбірі (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).
Жуаннан туған ірімін,
Көп наданның бірімін.
Жарадан аққан іріңмін,
Жұтыппын мен де шараптан (Ш.Құдайбердиев, Шығ).
Дүниеде өзінен бақытты адам жоқтай, өзінен ірі жан жоқтай шіренеді екен (X.Есенжанов, Көп жыл.).
6. Ерекше, өзгеше, артық.
Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан (Абай, Тол. жин.).
Қазағымның ірісі, ұсағы да,
Есегі де, тұлпары, ұшағы да,
Тентегі мен телмірген осалы да,
Тегіс сыйып тұрады кұшағыма (К.Салықов, Жезкиік.).
Ес білгелі өртеніппін, жаныппын,
Ерлеймін деп есімнен де таныппын.
Тірі жүріп, ірі жүрген дұрыс қой,
Ерттеп мініп арғымағын шабыттың (Т.Молдағалиев, Шақырады.).