lat: İRİKTEÝ
Ірікте етістігінің қимыл атауы. 1. Таңдап іштей бөлу, сұрыптау.
Соттардың төрағалары мен әкімшілері қызметіне кандидаттарды іріктеу процесі едәуір демократиялана түсті (“Егемен Қазақстан”).
Биыл Қазақстан ұлттық құрамасы өзі өз болғалы тұңғыш рет УЕФА қанатының астында әлем біріншілігінің іріктеу кезеңіне қатысуды бастайды (“Жас Алаш”).
2. әлеум. Әлеуметтану бағытындағы зерттеу нысаны элементтерінің белгілі бір жиынтығы.
Тіпті, Еуропа чемпионатын әлемдік доп додасының іріктеу жарысына айналдыра салу туралы әңгімелер де жиі қозғалатын (“Жас Алаш”).
Іріктеу – тікелей зерттеуге тиісті әлеуметтанушылық зерттеу объектісі элементтерінің белгілі бір дәрежеде шектелген жиынтығы (Әлеуметтану термин. сөздігі).
Еркін реттеу немесе қарапайым еркін іріктеу – бұл әрбір адамға алынуға тең мүмкіндік болатын іріктеу, мұнан кейін нәтижесінде алынған ақпаратқа ықтималдық статистика әдістері қолданыла алады (Әлеуметтану термин. сөздігі).