ІСІК

lat: İSİK

зат. Дененің не белгілі бір организмнің іскен жері.

Көзін ашад. Кеудесі ісік.

Күйіп барад, денесі ісіп.

Қалшылдапты Қаныш байың,

Құп-қу болып құты ұшып (М.Жұмабаев, Шығ.).

Асқардың жарасы да жеңіліп, басының, денесінің ісігі қайта бастады (С.Мұқанов, Ботакөз.).

Шешек ауруында тері үстінде парафин сияқты ақ түсті қатты, томпақ ісік байқалады (Т.Телеуғалиев, Балық ауру.).