ІСІН

lat: İSİN

ет. 1. Суықтың зардабынан дененің зақымданып, домбығып ауруға шалдығуы.

Алас ұрып, ісініп,

Есі кетіп жығылып,

Есіл ер үсіп өліп пе?

Ердің солай өлгенін,

Қардың қалай көмгенін

Құзғыннан басқа көріп пе? (М.Жұмабаев, Шығ.).

Бетін, қолын үсік шалғандар аз болмады, оның домбыққан саусақтары ісініп кеткені енді білінді (Ә.Шәріпов, Сахара.).

2. Бет-пішіннің, дененің күмпиіп, дүрдиіп көрінуі.

Басы-көзі ісініп, кірпігі былшықтанып, терезенің алдында қарнын сипап тұрғаны (А.Нұрманов, Аққу.).

3. ауыс. Өзінше ісіп-кебу, көкірек керу, өзін мықтымын деп санау.

Ісіндің, кебіндің,

Сонда да не пайда (Абай, Тол. жин.).

Басымдық мен де сөйлейін,

Әуелінен кешіріп.

Жал ала алмай жатырмын,

Жаңа да көкке ісініп (О.Шораяқов, Шайыр.).