ІШУ

lat: İSHÝ

Іш етістігінің қимыл атауы; сұйық заттарды жұту, сіміру, ұрттау.

Жауға арнап соғылған

Қан ішуге қылыш бар,

Қылыш барда жауыңнан

Құтылуға тыныс бар (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Сортаң жерге қақ тұрып,

Су ішуге келмейтін.

Сараң байға бақ тұрып,

Қолынан қайыр бермейтін (Дулат Бабатайұлы, Замана.).

Айт болса, молда барар байларына,

Ішуге тұщы пәміл шайларына.

Қыдырып баймен қатар аят оқып,

Бармайды кембағалдың жайларына (Ә.Найманбаев, Шығ.).