lat: İSHKİ
1. сын. 1. Іш жағындағы, ішіндегі.
Күләпәра басымда пұшпақ тымақ,
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын белге қыстырған бар құрысқақ (Абай, Тол. жин.).
Ащысайда шығатын жергілікті газет екен, ішкі бетін ашса, тола өлең екен (С.Бақбергенов, Кентау.).
Қаркеңнің шаштараз дүкені, оның ішкі есігі қораға ашылады (Е.Оразақов, Дәрігер.).
2. Көңілдегі, ойдағы, іштегі.
Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын,
Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін.
Көздің жасы, жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды ішкі мұзын (Абай, Тол. жин.).