ІСКЕРЛІК

lat: İSKERLİK

зат. Қолынан іс келетіндік, шеберлік, іске қабілеттілік; қабілеті күштілік, талабы зор болушылық.

Адам жанында әсерлену болу үшін жалғыз әсерлену ғана емес, барлық жан көріністері болу үшін бір шарт бар. Ол шарт іскерлік (М.Жұмабаев, Шығ.).

Өйткені, депутаттар бұл мүдделердің тепе-теңдігін табумен ғана шектелмей, сонымен бірге заң нысанына айналатын мемлекеттік ерікке жалпыға ортақ мәртебе беруі тиіс. Сондықтан, заң шығару органында депутаттардың үлкен іскерлігі мен зор жауапкершілігі жалпыға орындауға міндетті заң түрінде қажетті нәтижеге жету үшін жеке адамдардың мүдделері мен топтық мүдделерді қарастыра білуінен аңғарылады (“Егемен Қазақстан”).

Отан соғысынан қайтқан жеңімпаздар аса құштарлықпен, адалдықпен әрі іскерлікпен еңбек етті. Өздері еңбек еткен ұжымның ұйытқысы болды (“Жетісу”).