lat: İSTEÝ
Істе етістігінің қимыл атауы; бір нәрсемен айналысу, жасау, жүзеге асыру.
Қылыш алсаң қолыңа,
Біреуге зорлық істеуге,
Біреудікін тартып ап,
Өзіңдікін күштеуге (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
Күнелту үшін ас керек, ас істеуге күш керек, күшті жұмсауға ес керек (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам).
Жо-жоқ, енді тіршілігін істеу керек тірі адам,
Еркек емес, жігіт емес жел ығына құлаған (М.Шаханов, Ғасыр.).
2. ауыс. Шешу, жауабын табу.
Өзін жауапты адам етіп көрсете отырып, жергілікті үкімет орнымен келісіп істеу тәртібі бар (С.Бегалин, Уақыт.).
Не істеу керек ондайда,
Ұя салар жер қайда?
Қайда барса, қалың жұрт,
Қиналып жүр торғай да (C.Жиенбаев, Алтын қалам).