ІЗДЕУШІЛІК

lat: İZDEÝSHİLİK

зат. 1. Шығармашылықтағы ізденіс.

Сәкеннің 1915 жылы июнь айында жазған «Көңілім» деген өлеңін алып қарасақ, талпынып бір бағытты, өмірді іздеушілік байқалады (С.Ерубаев, Менің құрдас.).

2. Кен орындарын іздеп табушылық.

Жұмысы мұнай іздеушілік болу керек, мұны жеңгесі біле алмады (М.Әбдіхалықов, Жер асты.).