lat: İZDENİS
зат. Ғылыми және шығармашылық жұмыстардағы тынбай еңбектенушілік, зерттеушілік.
Ілияс эпикалық поэзияны жақсы меңгеріп қана қойған жоқ, қазақ поэмаларын жаңа ізденістермен дамытты (С.Қирабаев, Октябрь.).
– Сіз ізденіс үстіндегі 25 жылғы тынымсыз еңбегіңізбен биязы жүнді қой өсіру жүмысының тәжірибесін жасадыңыз, – деді (Дала шұғыласы.).
Педагогика ғылымы мен мектеп практикасының бірлескен творчестволық ізденісі нәтижесінде оқушылар өндірістік бригадасының өмірге келгендігіне тым көп уақыт болған жоқ («Қазақст. мект.»).
Содан бері ізденістер көп, тегі,
Бас қатырды талай жылдар жас-кәрі.
Жаңа бояу ежелгіге жетпеді,
Жаңа жырлар ежелгіден аспады (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).