lat: İlgergi oıysym
геол. Ұзақ қашықтықтарға сағаланатын (әдетте 1000 км-ден астам), көлденең қимасы жалқы пішінді, платформа мен қатпарлы таулы құрылымның аралық белдемінде, яғни бұрынғы геосинклиндік атырап орнында пайда болатын, моласса қабаттарымен және әртүрлі магмалық таужыныстармен көмкерілген ойыс құрылым.
Ілгергі ойысымдар әдетте бір-біріне тізбектеле жалғасқан яки бір-бірінен көлденең дөңестер арқылы оқшауланған ойыстар жүйесін құрады (Қаз. тілі термин. Геология).