lat: İshki balıstıka
әск. Оқ-дәрілі газ әсерімен шығарылатын снарядтардың, миналардың және оқтардың қарудың ұңғы арнасындағы қозғалысын, сондай-ақ атыс кезінде ұңғы арнасында немесе оқ-дәрілі ракетаның жану камерасында болатын басқа процестерді зерттейтін сала.
Ішкі баллистиканың негізгі бөлімдері: пиростатика, ол оқ-дәрі жану заңдылығын және тұрақты көлемді газ түзілуін зерттейді; пиродинамика - атыс кезінде ұңғы арнасындағы процестерді зерттейді және ұңғы арнасының конструктивті сипаттамалары мен оқталу жағдайларының аралығындағы байланысты анықтайды; қарулардың, ракеталардың, атыс қаруының баллистикалық жобалануы (Қаз. тілі термин. Әскери.).
Сондай-ақ ішкі баллистиканың аралық баллистика (әрекеттен кейінгі кезеңдегі процестерді зерделейді) және оқ-дәрілі ракеталардың ішкі баллистика тарауы бар (камерадағы отынның (жағар-жанармай) жану заңдылығын және сопло арқылы газ өтуін, сондай-ақ басқарылмайтын ракеталарда әрекет жасайтын күштердің пайда болуын зерттейді) (Қаз. тілі термин. Әскери.).