lat: İshki syr
а) Адамның жасырын ойы, құпиясы.
Домбыра күйге келмес бұрамаса,
Кім білер кімнің жайын сұрамаса?
Кім білер кімнің жатқан ішкі сырын,
Жолдас боп бірге жүріп сыналмаса (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Жақсы әйелі бар жігіт жасымайды,
Жауына ішкі сыры ашылмайды.
Білдірмей бар-жоғыңды бағаласа,
Көңілің неге судай тасымайды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Не пайда бар – мың надан
Сыртын естіп таңдансын.
Онандағы бір есті
Ішкі сырын аңғарсын (Абай, Тол. жин.).
ә) Мән, мазмұн, сыр-сипат.
Егер ол надандар ол ғибадаттың ішкі сырын ескермей қылса, соны қылып жүріп, иманы сөнер деген (Абай, Тол. жин.).