Ісікті пневмония

lat: İsikti pnevmonıa

мед. Пневмококтардан пайда болатын және онда өкпенің тұтас бөлігі немесе бірнеше сегменті зақымданатын өкпе ауруының түрі.

Ісікті пневмонияда  кенеттен дене қалтырап, температура 39–40ºС-ге дейін көтеріледі, жөтелген кезде кеудесі ауырады (Шаңырақ энцикл.).