lat: İske asyrý
а) Бірдеңені жүзеге асыру, жүргізу.
Қазақ интеллигенциясын кадеттердің мемлекеттік құрылысты демократияландыру қажеттілігі, Ресейде тұратын ұлттардың еркін өздігімен анықтауы, құқықтық режимді, қатал тәртіпті, заңдылықты іске асыру жөніндегі идеялардың қызықтырмауы мүмкін емес еді (“Егемен Қазақстан”).
ә) Қабылдаған бағдарламаны орындау.
Индустриялық-иновациялық дамудың 2020 жылға дейінгі жоспарын іске асырудың алғашқы 5 жылдығының 1 жылын табысты аяқтадық. «Мәдени мұра» бағдарламасы еліміздің асыл қазынасын түгендеп, ұлан-асыр жұмыс істеді (“Алматы ақшамы”).
Ұлттық-мәдени орталықтар бұл бағдарламаны іске асыруға белсене қатысуы тиіс («Қаз. әдеб.»).
Экономикада іске асыру өзінің қозғалысында айналыс аясынан екі рет өтетін капиталдың айналмалы айналымы: өнім өндіру үшін ресурстарды сатып алу және сатып алушының қажеттерін қанағаттандыру үшін және өндірістік процесті жалғастыру үшін тауарды сату тұрғысынан қаралады (Қаз. тілі термин. Экономика.).