Іздеу станциялары

lat: İzdeý stansıaálary

Радиостанциялардың түрі мен азимутын, радиолокациялық станциялар мен қарсыластардың радионавигациялық жүйелерін жұмысы кезінде радиосәулелерін қабылдау арқылы анықтауға арналған арнайы радиоқабылдағыш қондырғы.

Іздеу станциялары жиілігі кең диапозонда жұмыс істейді және қабылдайтын радио-толқындарының диапазонына, радио-қабылдағыш түріне, орнатылған орны мен қолданылуына (жер үсті, жағалаулық, кемелік, ұшақтық, арнайы) байланысты бөлінеді (Қаз. тілі термин. Әскери.).

Іздеу станциялары жеке де, радиобарлау мен радиокедергі станцияларымен бірге де қолданылады (Қаз. тілі термин. Әскери.).