lat: İzdeýdiń gıdrohımıalyq kórsetkishteri
геол. Табиғи сулардың минералданғандығын көрсететін құрамбөліктер мен көрсеткіштер.
Іздеудің гидрохимиялық көрсеткіштері пайдалы қазба шоғырының бар екендігін көрсетеді. Іздеу белгісі ретінде судың өзіндік гидрохимиялық типі де пайдаланылады. Судың химиялық құрамын салыстыру, жан-жақты талдау жүргізу, кен орындар қалыптасуындағы физикалық-географиялық, геологиялық және гидрогеологиялық жағдайлар зертелуі тиіс (Қаз. тілі термин. Геология).