Ізгі ой

lat: İzgi oı

Жақсы ниет, жарқын ой, ақ тілек.

Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады (М.Жұмабаев, Шығ.).

Міне, Күн! Сәулесі алтын жерді құшты.

Жарыққа қуанысып құстар ұшты.

Ізгі ой м е н ерік тілеп, жарық тілеп,

Ұшамыз біз де жиып есті, күшті! (М.Жұмабаев, Шығ.).