ҒАНА

lat: ǴANA /331/

шыл. Даралау, шектеу мәнді «қана» демеулігінің ұяң сыңары .

Шешем менің иілген сұрау белгі,

Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді.

Қалай ғана қалпына келтірерсің,

Дауылдар майыстырған мынау белді (1,163).

Жол үстінде ор жоқ деуге қалай ғана нанарсың,

Жолдар, жолдар, үйден шалғай қайда әкетіп барасың?

«Орға ұрынбай, жарға ұрынбай айналып өт!» деп маған

Бекер ғана айтыпсың-ау, бекер, бекер, анашым (2,275).