ҒАРЫШ

lat: ǴARYSH /24/

зат. Аспан әлемі, көк; космос .

Білем саған жете алман, ғарыштасың ,

Белгілі мәңгілікке табыспасым.

Дерт те емес, күйік те емес, жар да емессің,

Сен маған сағыныш боп жабысқасың (1,213).

Алысқа бар, бауырым, алысқа бар,

Кез келген материкке, ғарышқа бар.

Жақсы адамға орын бар бір кісілік,

Жадау тартса, көңілің де таныс табар.

Бірақ... Бірақ Алматың алыс қалар (2, 295).